Қостанайда Бизнес-омбудсмен Қанат Нұров бизнесті сервистік қолдау жұмыстарымен танысып, «Қазақстанның үздік тауары» байқауының жеңімпаздарын марапаттады
Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының алаңында өнеркәсіп, шағын бизнес және әйелдер кәсіпкерлігі мәселелері жөніндегі салалық кеңестердің бірлескен отырысы өтті. Іс-шараның басты спикері жұмыс сапарымен өңірге келген Қазақстан Кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұров болды.
Салалық кеңес аясында ауқымды агрофестиваль шеңберінде өткен «Қазақстанның үздік тауары» беделді байқау-көрмесінің өңірлік кезеңі жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ренат Дәулетпаевтың айтуынша, Қостанайда өткен «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы 160-тан астам кәсіпкерлік субъектісін біріктіріп, өңірдегі ең ауқымды іс-шаралардың біріне айналды. Көрмеге 10 мыңнан астам облыс тұрғыны мен қонағы қатысты.
Қостанайлық өндірушілерге дипломдарды Қанат Нұров табыстады.
«Қазақстанның үздік тауары» байқауының өңірлік кезеңінде келесі кәсіпкерлер мен кәсіпорындар үздік деп танылды:
«Халыққа арналған үздік тауар» номинациясында:
- «СарыарқаАвтоПром» ЖШС;
- «Азурит» ПТФ ЖШС;
- «ETNOBOTANICA» ЖК.
«Өндірістік мақсаттағы үздік тауар» номинациясында:
- «KST RECYCLING» ЖШС;
- «Машиностроительный завод МТЗ-Казахстан» ЖШС;
- «Қостанай трактор зауыты» ЖШС.
«Үздік азық-түлік тауары» номинациясында:
- «Аян-озат» ЖШС (ТМ «От Розумовича»);
- ЖК Какимбек Г.У. (ТМ «Qazaq brend»);
- ЖК Радченко Г.В.
Екі қатысушы қосымша номинациялар бойынша да марапатталды. «Кедергілерді еңсеру» номинациясында «АУЫЛ БРЭНД» ЖК өкілі Назерке Тоққожа жеңімпаз атанды. Ал көрмеге келушілерді өз өнімдерімен тәнті еткен «ДЕП» ЖШС «Тұтынушы таңдауы» номинациясының жеңімпазы болды.
Кездесуді қорытындылай келе, Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қостанай кәсіпорындарының жоғары әлеуетін атап өтіп, отандық өндірушілерді қолдау және өңірдегі бизнес ахуалды жақсарту бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастырудың маңыздылығына тоқталды.
Сондай-ақ Бизнес-омбудсмен Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының (КҚКО) жұмысымен танысты. Мұнда бизнесті қолдау жүйесі сервистің үш желісі қағидаты бойынша құрылған. Кәсіпкерлік субъектілері жедел кеңес алып, сараптамалық сүйемелдеуге және бизнесті бастау мен жүргізуге қажетті барлық ақпаратқа қол жеткізе алады.
Мұндай форматқа деген сұранысты нақты көрсеткіштер де растайды: жыл басынан бері Қостанай облысының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының мамандары 7 637 клиентке 14 163 қызмет көрсеткен.
Фотоға сілтеме:
https://ombudsmanbiz.kz