Қолданыстағы бизнес-омбудсмен

2024 жылғы 25 сәуірде Мемлекет басшысының №141 өкімімен Канат Ілияұлы Нұров Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындалды

Нұров Қанат Ілияұлы

Қазақстан Кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Білімі:

  • Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (1985-1992 жж.), «Тарих» мамандығы бойынша; 1992-1995 жылдары тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін ізденуші (Ph.D.)
  • Неміс мемлекеттік қызметшілер одағының академиясы (Бонн қ., Германия Федеративтік Республикасы), 1991 ж.
  • Вашингтон халықаралық құқық институты (келісімшарт құқығы), 1994 ж.
  • DBA (Doctor of Business Administration), AlmaU (Алматы қ.) және Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы РАНХиГС (Мәскеу қ.), 2010-2013 жж.
  • Бірыңғай медиация және бітімгершілік орталығының кәсіби мүшесі (№ 011 куәлік, 2011-2012 жж.)

Кәсіби қызметі:

  • 1991-1992 жж. – Алматы жас менеджерлер мектебінің (Алматы менеджмент мектебі) директоры
  • 1992 ж. – «Алматы Басқару мектебі» ЖШС директоры
  • 1993 ж. – Экономика министрлігі жанындағы Кәсіпкерлікті қолдау қорының экономикалық кеңесшісі
  • 1993-1994 жж. – Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы Қазақстан фермерлерінің «Агро» қауымдастығы бас директорының орынбасары
  • 1995-1997 жж. – «Делойт & Туш Қазақстан» халықаралық аудиторлық компаниясының аға менеджмент-консультанты
  • 1997-1998 жж. – «Алтеба» МКТ (Алматытелеком) қаржы директоры
  • 1998-2000 жж. – «Қазақтелеком» АҚ бас қаржы директорының орынбасары
  • 2000-2006 жж. – «Қазақтелеком» АҚ вице-президенті – бас қаржы директоры
  • 2006-2007 жж. – «Қазкоммерцбанк» АҚ басқарушы директоры
  • 2008-2021 жж. – «Aspandau» ғылыми-білім беру қорының және «Aspandau Academy» Алматы жоғары басқару мектебінің президенті
  • 2021-2023 жж. – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты
  • 2023-2024 жж. – «Қазақ тарихи қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы
  • 2024 ж. бастап қазіргі уақытқа дейін – Қазақстан Кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл (Бизнес-омбудсмен)

Өзге де қоғамдық лауазымдары:

  • Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі (2019 жылғы маусымнан бастап)
  • Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшесі (2025 жылғы мамырдан бастап)

Ғылыми жарияланымдары

      Қазақстанның дәстүрлі құрылымын құқықтық және экономикалық жаңғырту – Алматы: Ғылым, 1995 ж., 201 б.
      Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту саясаты «Ақпараттық қоғам – 2030» – Алматы: Vox populi, 2010 ж., 207 б.
      Қазақстан: ұлттық идея және дәстүрлер – Алматы: Vox populi, 2011 ж., 460 б.
      Қазақстан Республикасының ғылымды дамыту саясаты «Ақпараттық қоғам – 2030» – Алматы: Аспандау, 2013 ж., 60 б.
      Басқарудың жалпы теориясы (қазақстандық менеджменттің әдіснамалық тәжірибесі) – Алматы: Аспандау, 2016 ж., 460 б.
      Ақпараттық қоғам ағартушыларының манифесі – Алматы: Аспандау, 2019 ж., 112 б.

Марапаттары:

  • «Құрметті байланысшы» медалі
  • «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалі
  • «Ерен еңбегі үшін» медалі
  • «Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл» мерейтойлық медалі
  • «Құрмет» ордені