Институттың тарихы
Бизнес-омбудсмен – Қазақстан үшін жаңа институт. Оның биік мәртебесі мен кең өкілеттілігі қазақстандық бизнестің жүйелік мәселелерімен, шенеуніктердің өктемдігімен және заңнаманың жетілдірілмеген тұстарымен тиімді күресуге мүмкіндік береді.
Құқықтық мәртебе
«Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» заңының 26-1 бабына сәйкес, Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің құқықтық мәртебесі Кәсіпкерлік кодексінде айқындалады. Қызметін Ұлттық палата қамтамасыз етеді.
Уәкіл қызметке Елбасының бұйрығымен тағайындалады және Президентке ғана есеп береді. Оған қоса, Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілге Кәсіпкерлік кодексінде қарастырылмаған міндеттер жүктеуге ешкімнің құқы жоқ. Оның қызметіне заңсыз қандай да бір араласуға жол берілмейді.
Өз өкілеттілігін жүзеге асыру мерзімінде (4 жыл) Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің саяси қызметпен айналысуға құқы жоқ, сондықтан саяси партиялардағы және басқа да қоғамдық бірлестіктердегі мүшелігін тоқтатады.
Негізгі функциялар
Бизнес-омбудсменнің басты міндеттеріне кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін таныстыру, қамтамасыз ету қорғау мен олардың өтініштерін қарау жатады. Уәкілдің атына келіп түскен әр өтініш бақылауға алынып, оны бизнес-омбудсмен аппаратының қызметкерлері қарйды. Бір де бір өтініш заңдық түсіндірмесіз және жауапсыз қалдырылмайды.
Өкілеттіктер
- Мемлекеттік органдарға кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша ұсыныстар енгізуге; сондай-ақ заңға қосымша нормативтік құқықтық актілерді тоқтату туралы ұсыныстар жасауға.
- Мемлекеттік органдарға (лауазымды тұлғаға) солардың әрекетінен (әрекетсіздігінен) құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келген кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын орнына келтіру туралы ұсыныстар жіберу, соның ішінде кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келуіне кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту.
- Мемлекеттік органдардың пікірімен келіспеген жағдайда, прокуратура органдарына кәсіпкердің нұқсан келген құқықтарын қайта қалпына келтіру мақсатында өтінішхат жібере алады.
- Заңмен қорғалатын мемлекеттік, коммерциялық, банктік және басқа да құпия саналатын мәліметтерді санамағанда, мемлекеттік органдардан (лауазымды тұлғалардан) кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен міндеттеріне қатысты ақпараттарды, құжаттар мен материалдарды сұрата алады.
- Бизнес-қауымдастықтың атынан сотқа арыз беруге.
- Кәсіпкерлік субъектілерінің нұқсан келген құқықтары мен заңды мүдделерін қайта қалпына келтіруге бағытталған басқа да шараларды қолдануға.
Егер кәсіпкерлердің құқықтарына нұқсан келу жүйелік сипатта болса және мәселені мемлекеттік органдар деңгейінде шешу мүмкін болмаса, Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл өтінішті Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізуге құқылы.
Алғаш омбудсмен институты Швецияда дүниеге келген. Швеция риксдагы (парламенті) бұл лауазымды 1809 жылы құрған. Бүгінде омбудсмен институты көптеген мемлекеттерде кеңінен таралған. Балалардың құқы жөнінде, инвестициялар жөнінде жеке омбудсмендер, банктік, сақтандыру омбудсмендері, кейінірек бизнес-омбудсмен пайды болды.
Негізгі күндер
|
2014 27 ақпан |
«Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар туралы» Президентінің Жарлығы. Үкіметке Ұлттық кәсіпкерлер палатасының рөлін күшейтуді, соның ішінде бизнес-омбудсмен институтын енгізуді қарастыратын заң жобасын әзірлеу тапсырылды. |
|
2014 29 желтоқсан |
«Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Заңы бизнес-омбудсменнің құқықтық мәртебесі, тағайындау тәртібі және міндеттері, сондай-ақ оның қызметін ұйымдастыру туралы нормалармен толытырылды. |
|
2016 1 қаңтар |
28 тарауында бизнес-омбудсменнің құқықтық мәртебесі егжей-тегжейлі қамтылған Кәсіпкерлік кодексі қолданысқа енгізілді. |
Басшылар хронологиясы
Бірінші бизнес-омбудсмен
Бизнес-омбудсмен