ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекеннің» 13 жылдығына арналған құттықтау
Құрметті әріптестер!
Сіздерді Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекеннің» 13 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!
Осы жылдар ішінде «Атамекен» жалпы кәсіпкерлік қоғамдастықтың мүддесін білдіретін қалыптасқан әрі беделді институтқа айналып, мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылы жүйесінде өз орнын нық айқындады. Ең бастысы – оның құрылуымен бірге кәсіпкерлер өз пікірлерін тек бірлесіп білдіріп қана қоймай, мемлекеттің заңнамалық бастамаларын тікелей келісу мүмкіндігіне ие болды.
Мен үшін Бизнес-омбудсмен институтының өзінің автономды мәртебесіне және тек Мемлекет басшысына есепті болуына қарамастан, ҰКП-ның ажырамас бөлігі болып табылатыны аса маңызды. Бізді ортақ мақсат – кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, әкімшілік кедергілерді жою және қолайлы бизнес ортаны қалыптастыру мақсаты біріктіреді.
Соңғы уақытта біз бірлесе отырып, нақты кәсіпкерлердің құқықтарын қалпына келтіруден бастап, маңызды заңнамалық және реттеушілік өзгерістерді ілгерілетуге дейінгі көптеген күрделі мәселелердің шешімін табуға қол жеткіздік. Әрбір нәтиженің артында бірлескен жұмыс, қағидатты ұстаным және бизнестің мүддесін дәйекті түрде қорғауға деген дайындық тұр.
ҰКП «Атамекен» ұжымына, салалық бірлестіктерге, өңірлік палаталарға және өзара іс-қимыл, қолдау мен сенім білдірген барлық әріптестерге алғысымды білдіремін. Дәл осы күш-жігерімізді біріктіру арқылы біз нақты өзгерістерге қол жеткізе аламыз.
«Атамекенге» одан әрі даму, мықты команда, жаңа бастамалар мен кәсіпкерлер мен Қазақстан экономикасының игілігі жолында табысты шешімдер тілеймін!
Ізгі тілектермен,
Қанат Нұров