Құрметті кәсіпкерлер! Баршаңызды Кәсіпкерлер күнімен құттықтаймын!
Кәсіпкер – менеджер емес, өйткені бұл мамандық немесе лауазым емес. Кәсіпкерлік-бұл, ең алдымен, өз қаражаты мен беделін бизнеске салу арқылы жасалатын батыл қадам. Осының бәрі жоғары тәуекелдермен байланысты және әрдайым табысқа кепілдік бере бермейді.
Алайда дәл осы тәуекелге баруға, жауапкершілікті өз мойнына алуға және кез келген жағдайға қарамастан әрекет етуді жалғастыруға дайын болу экономиканы алға жылжытады. Әрбір бизнестің артында тек сандар мен активтер ғана емес, адам тағдырлары, жұмыс орындары, жаңа идеялар және өз күшіне деген сенім тұр. Кәсіпкер болашақты жай ғана күтпейтінін, оны өзі қалыптастыратынын күн сайын дәлелдейді.
Мемлекет басшысының кеше жарияланған Жолдауы – Кәсіпкерлер күніне орай жасалған тамаша сыйлық. Өйткені онда біз соңғы екі жылдық есепте көтерген бизнес өкілдерінің барлық үміт-тілектері көрініс тапқан. Біз үшін бұл жай ғана ұстанымдардың сәйкес келуі ғана емес, бұл жерде маңызды белгі: кәсіпкерлердің дауысы естілді, ал біз жүйелі түрде көтеріп келген мәселелер мемлекеттік күн тәртібінің бір бөлігіне айналып келеді.
Осы күрделі жолды таңдаған баршаңызға батыл бастамалар, сынақтарға төтеп беретін табандылық және жасампаздыққа жол ашатын еркіндік тілеймін! Тәуекелдеріңіз ақталып, жұмсаған күш-жігерлеріңіз жемісін берсін, ал бизнесті жүргізу қағидалары дамуға, жаңа мүмкіндіктер жасауға және одан да үлкен жетістіктерге жетуге мүмкіндік берсін!
Бизнес жеке батылдықтан басталады, ал қуатты экономика күн сайын осы батылдықты танытып жүрген жандарға деген құрметтен басталады!
Құрметпен, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау
жөніндегі уәкілі (Бизнес-омбудсмен) Қанат Нұров